Шымкент

Шымкенттік оқушы халықаралық ғылыми жобаның жүлдегері атанды

Шымкент қаласының атынан білімі мен білігімен бақ сынаған жас дарын, мектеп оқушысы халықаралық ғылыми жобалар байқауында топ жарды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» халықарылық ғылыми жобалар конкурсы әлемде болып жатқан жағдайға байланысты онлайн режимде өткізілді. 

Дарын орталығының ұсынуымен Шымкент қаласының атынан дарынды да талапты оқушылардың еңбегі, яғни бірнеше жұмыс жіберілді.

Нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы 65 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Рақымбай Нұржігіт Саятұлы халықаралық ғылыми жобалар байқауында қатарынан озық болды. Жас дарынның «Техногенді ластанған су ортасын тазалауда өсімдіктердің биоиндикаторлық маңызы» тақырыбында жазылған ғылыми жоба жұмысы ғылыми өзектілігімен және жаңашылдығымен ерекшеленді. 

Сөйтіп халықаралық деңгейдегі білім сайысында 3-орынды иеленді. Әрине, мектеп оқушысының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар боп таңдалып,  бәйгеден жүлделі жетуі үшін ең алдымен бабы қажет. Жүлдегер Рақымбай Нұржігіттің ғылыми жобасына өзі білім алатын мектептің биология пәні мұғалімі Нұргүл Әлжанова жетекшілік етті.