Қоғам
Қазақстанда «Рамстор» супермаркеті жабылып жатыр
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша компанияның жиынтық сатылымының шамамен 0,8 пайызын "Рамстор Қазақстан" құрайды.
"Компанияның өсім және нарықтағы жағдайға шоғырлану стратегиясына байланысты "Рамстор Қазақстан" бөлшек операцияларын қайта бағаладық. Қазақстанда жұмыс істейтін бір дүкенді беру және алты дүкенді жалға беру, сондай-ақ бұл дүкендердегі жабдықтар мен тауар қорын сату туралы келіссөздар басталды. Аталған дүкендерді беруді елдің монополияға қарсы органы растау керек", - деді құрылтайшы.