Төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау шаралары дер уақытында көрсетілді.
Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы табысынан айырылған 283 897 адамға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясы арқылы «Біргеміз» қоғамдық қорымен бірлесіп 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын аз қамтылған 20 мың отбасыға 50 данадан 1 млн. маска таратылды.
Республикалық бюджет есебінен азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жағдайы төмен 74 мыңнан астам адамға — 994,7 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сондай ақ Шымкентте тұратын әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық шығыстарын өтеу мақсатында бюджеттен 1,5 млрд.теңге қаржы бөлінген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі