Hi-Tech
Apple Ibook ноутбугы
Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбейтін қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалудың қажеті жоқ. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбейтін қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Ал біз осындай жаңа технологиялардың мен құрылғылардың шығу тарихын және қалай пайда болғандығын біле бермейміз. Ендеше ең алғаш пайда болған сымсыз қосылымды ноутбук Apple IBook туралы бірнеше мәліметтерге көз жүгіртсек.
Қазіргі таңда заман қарқынды дамыған сайын түрлі-түсті Apple IBook сәннен қалып бара жатқанымен, сымсыз қосылымды ұсынған ең алғашқы ноутбук болып табылады. Бірінші болып әлемді таң қалдырған бұл құрылғы сол заманғы бизнес-сегменттің көзі болып саналды.
iBook (Aibuk) - 1999 жылдан бері шығарылған PowerPC процессорларына негізделген және 2006 жылы MacBook x 86-мен алмастырылған Apple ноутбук компьютерлерінің жиынтығы. IBook технологиялық құрылғысының үш түрлі дизайны болған. Бірінші, Clamshell деп аталатын, сол уақытта танымал Apple iMac желісінің дизайны бойынша жасалған. Оның ең басты ерекшеліктері пішінінің дөңгелек тәріздес болуында және көзге бірден түсіп, қызықтырып тұратын түрлі-түсті болуында. Екі жылдан кейін төртбұрыш, қарапайым дизайнда жасалған екінші құрылғы пайда болды. 2003 жылдың қазан айында PowerPCG4 чипі, USB 2.0 және жүктеу дискісін қосқан үшінші буын жарыққа шықты.
IBook G4 1.42 ГГц дейін жұмыс істейтін PowerPCG4 процессоры арқасында күнделікті өміріңізгеикемді ұтқырлықты ұсынады; DVD дискілерінжазуға болатын SuperDrive дискісі; 1,5 Гб дейінгі жад; және орнатылған сымсыз мүмкіндіктер. IBookG4-де Apple-дің iLife '05 толық пакеті бар, бұл фильмдерді өңдеуге, фотоальбомдарды жасауға, өзіңіздің әндеріңізді жазуға мүмкіндік береді.