Шымкент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.
Шымкентте өтінім бергендер саны 30 мыңнан асты.
«Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 30 279 азаматтан өтінім келіп түсті.
Оның ішінде басым бөлігі жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, қалған азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде,»-дейді Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясындағы жауапты мамандар.