Шымкент
Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды.
Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жандандыруды айтқан қала әкімі медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылатындығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын автоматтандыру мен жарақтандыру және цифрландыру бағытындағы жұмыстарды ширатуды жүктеді.
Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы жыл соңына дейін денсаулық сақтау саласын дамытудағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді міндеттеді.