Hi-Tech

Ең алғашқы калькуляторды кім ойлап тапты?

Алғашқы калькуляторлар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Калькулятор – шағын есептеуіш құрылғы. Жалпы  күнделікті өмірімізде калькуляторды жиі пайдаланып жатамыз. Расында, тұрмыстық жағдайларда «шақшадай басымызды шарадай» қылатын қиын есептеулерге калькуляторды қолдану тиімді  тәсіл. 

Әрине, кейбір амалдарды  орындаудың еш қиындығы жоқ, әйтсе де бес не алты,  немесе одан  да көп таңбалы  сандарды қосып-азайту, көбейтіп немесе бөлу үшін біраз уақыт кетеді. Бұл жағдайда бізге адам баласының ойлап тапқан техникалық құралы - калькулятор көмектеседі.

Заманауи калькулятордың эволюциясы  XVII ғасырда шотландиялық  математик Джон Непер логарифмдерді ойлап тапқан кезде басталды. Ол көбейту мен  бөлу амалдарын қосу мен азайтудың бірнеше операциялары арқылы өрнектеген. Непердің логарифмдерді  ойлап табуынан кейін Вильгельм Шиккардтың механикалық калькуляторы пайда болды. Шиккардтың  бұл есептегіш  құралы  барлық  төрт  амалдарды орындауға мүмкіндік берді. Дегенменде оның құрылғысы жұртшылық назарынан тез ұмытылып кетті.

Калькулятор дамуының ең қызықты кезеңі 1958 жылы басталған болатын. 1958  жыл калькуляторлардың  қарқынды дамуына жағдай жасаған ерекше бір жыл болды. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, АҚШ тұрғыны  Джек Килби алғашқы микрочипті ойлап тауып,оны калькулятор мен есептеуіш машиналарда қолдануға болатынына назар аудартқан. «Texas Instruments»  компаниясының екі  инженерімен бірлесе отырып, Джек Килби 1962 жылы алғашқы электоронды калькуляторды құрастырды.Үш жылдан кейін, калькулятор бұрынғысынан да жеңілдеп арзанға түсті. Осылайша, сатылымға алғашқы «Pocketronic» атты калькулятор шықты.