Әлем жаңалықтары
Туған баласын шкафта сақтаған
Әйел босанғаннан кейін туыстарына нәрестенің қайтыс болғанын айтқан. Ешкім оны өтірік айтып тұр деп ойламаған.
Алайда жағдай басқаша өрбіді. Құрбылары әйелдің үйіне қонаққа келген кезде шкаф ішіндегі нәрестені кездейсоқ байқап қалған. Олар дереу тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.
Ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, нәресте мүлдем тамақтанбағандықтан, арықтап қалған. Қазіргі уақытта сәби Екатеринбург қаласындағы ауруханада емделіп жатыр.
Полиция тергеу жүргізуді бастап кетті. Соны қатар қылмыстық іс қозғалды.
Айта кететін жайт, күдіктінің тағы екі баласы бар. Олар әжесіне берілді.