Шымкент

Шымкент: «2-10-20» бағдарламасына қатысушылар санатына өзгеріс енгізілді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. 

Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты артып отыр.

Енді «2-10-20» бағдарламасына тұрғын үйге мұқтаждар есебінде келесі санаттар бойынша тұрған азаматтар қатыса алады:

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

— толық емес отбасылар;

— мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған жанұялар болуы тиіс.

Ал, несие сомасының 10 пайызы көлеміндегі алғашқы жарна болған жағдайда жылына 2% мөлшерлемемен несие беріледі. Мерзімі – 20 жылға дейін. Үйді мерзімінен бұрын сатып алу кезеңінде ең жоғарғы қарыз сомасы — 15 млн теңге.

Бағдарламаға қатысу үшін, ҚР азаматы болуы шарт және отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына кіретін табыс көзі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын болуы керек. Неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі және төлем қабілеттілігін растауы мен жергілікті атқарушы органның көзделген санаттағы қатысушылар бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамның есепке қойылуын және тұрғын үйге мұқтаж адамның мәртебесін растауы болуы шарт.

Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке куәлік (отбасы мүшелерін куәләндыратын құжаттарының көшірмелері);
2) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
3) неке туралы немесе некенің бұзылғандығын растайтын куәлік;
4) төлем қабілеттілігін растау үшін жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлер бойынша кредит беру лимиттерін кезектегілердің саны мен қарыздың ең жоғары сомасының мөлшеріне қарай барабар бөлуді көздейді. Сондықтан да
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы кезекте тұрғандардың мәртебесін тексеру арқылы Бағдарламаға қатысушыларға жеке тізімдерге сәйкес кезектілік тәртібімен және уәкілетті орган белгілеген лимиттер шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне ұсыну үшін жолдама жібереді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі қатысушыларға қатысты қарыздарды ресімдегені үшін комиссия алмайды.

Қосымша сауалдар туындаса, call-орталығынан кеңес алуға болады, телефоны – 39-23-68.Өтінімдер электронды түрде «Shymkent-baspana.kz» сайтында қабылданады.