Шымкент
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қала әкімі Мұрат Әйтенов көп уақытын тұрғындармен кездесіп, елді мекендердің жағдайымен жақыннан танысуға арнап жүр.
Қала басшысы тұрғындарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жан-жақты тетікті қарастырып, жақын күндері барлық мәселе оң шешімін табатынына сенім білдіріп, уәде еткен болатын. Енді міне, «Нұрсәт» шағынауданындағы аталған тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары басталып кетті. Үйлердің қасбетін ретке келтіру жұмыстарына «А.Р.Т-Құрылыс» компаниясы демеуші болып отыр.
Аталған компания нысандарды алдағы бір айда қайта қалпына келтірілетінін айтуда. Құрылыс жұмыстарына 30 жұмысшы тартылған. Тұрғын үйлердің сырты заман талабына сай Шымкенттегі «Бесқұдық тас» зауыты өндіретін травертин құрылыс материалымен қапталуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі