Hi-Tech
NES ойын компьютерлері
Алдыңғы ғасырдың екінші ширегінде инновациялық белсенділікпен, заманға сай жаңартылған өндірістік аппаратпен, тоқтаусыз дамып отырған күншығыс елі үшін тағы бір жаңалықтың ашылғанын біреу білсе, енді біреу бейхабар. Көптеген жастарымыз табалдырығын тоздыратын компьютерлік орталықтырдың тарихы Жапония елінен бастау алады екен. Ең қызығы отбасылық компьютер деп аталған құрылғы уақыт өте келе үлкен даму деңгейлерінен өткен.
1983 жылы Жапонияда Family COMputer сөзінен қысқартылып алынған Famicom атауымен ең алғашқы ойын үстелі пайда болды. Қазіргі жастардың көз алмай түрлі атыс-шабыс ойындары дәл осы ойын үстелінен бастау алған. Бар жоғы 8 биттен тұратын ойын құрылғысы 1990 жылдары көптеген сұранысқа ие болды. Уақыт өте келе әйгілі ойын құрылғысының атауы Nintendo Entertaiment System (NES) деген атауға ие болды. Бір қызығы қазіргі таңда даму дәрежесі бойынша шашасына шаң жуытпайтын АҚШ-қа бұл техника 1985 жылы бір-ақ жетті. Дегенмен, жаңа құрылғы АҚШ пен Жапония рыногында үлкен сұранысқа ие болған.
Ойын консольі құрамына көптеген жаңа ойын түрлері мен жаңа мүмкіндіктерге ие болған. Осы ерекшеліктеріне байланысты аз ғана уақыт аралығында 60 млн. ойын үстелі мен 500 миллионнан астам ойын түрлері сатылған.
1990 жылдың басы атағы аспандап тұрған (NES) үшін құлдырау кезеңі болды. Себебі, жаңа бәсекелестіктің көбеюі бұрыңғы ойын үстелін жаңаға ауыстыруға мәжбүр етті. Компания үшін ең негізгі бәсекелестік Sega Mega Drive 16 биттік ойын үстелдерімен болды. Көпшілігімізге аты мәлім Sega ойын үстелдері кез келген ойынқұмар жандардың төрінен табыла бастады. Ал, NES ойын үстелдері үшін бұл кезең үлкен үзіліс болып еді.
Бірақ араға ұзақ жылдар сала жапониялық Nintendo компаниясы аты аңызға айналған NES ойын үстелдерін қайта шығаруды жоспарлайды. 2016 жылдың 14 шілдесінде БАҚ-ы осы хабарды қуана хабарлады. Көп кешікпей 2016 жылдың 11 қарашасында жаңа NES Classic Edition атауымен жаңа ойын үстелі жарық көрді.
Адам көңілін көтеру тәсіліне жататын көптеген ойын түрлері бар. Бірақ, сол ойын түрлерінің адамның психологиясы мен денсаулығына кері әсер етпейтінін таңдағаныңыз абзал болар құрметті оқырман.