Спорт
Хобби кәсіп
Біз футбол дүниеге келген сәтте өмір сүріп жатырмыз деп елестетіп көріңізші: адамдар қолданатын ережелерді мүлдем түсінбейді, доппен уақытты босқа жоғалтады, ал қоғам тек регбиді бірден-бір дұрыс спорт түрі деген ойларынан таймайды.
Бірақ бәрі дәлелденіп, адамдарда бұл спорт түрін қабылдады. Осылайша, футбол 50 жыл ішінде белгісіз құбылыстардан,кәсіби ойыншылармен халықаралық матчтарға жетті. Менің ойымша, осы жағдайға ұқсас киберспортты да адамдар уақыт өте келе түсінеді.Себебі,қазір-ғаламтор заманы.
Киберспорт деген қандай мамандық?
Киберспорт – хобби кәсібі. Бұл дегеніміз, бәрі онлайн-ойынның қандай-да бір түріне деген құштарлықтан басталады және ойыншы онда айтарлықтай биіктікке, жетістікке жеткенде ғана киберспортшыға айналады.
Киберспорт, дәстүрлі спорт түрлері сияқты, екіге бөлінеді:
•Командамен – бұл жағдайда екі немесе одан да көп команда бірлесіп жарысқа түседі.
•Жеке әр ойыншы өзі үшін ойнайды.
Киберспортшы деген кім?
Кәсіби киберспортшы - бұл турнирлер мен жарыстарда электронды спорт ойындарының бірін ойнайтын адам. Ойыншылар турнирлерде сәтті өнер көрсету арқылы ақша табады.Онымен қоса, белгілі бір ұйымда ойнайтын ойыншылар жалақы алады, оның мөлшері ойыншының өзінің тәжірибесі мен шеберлігіне байланысты. Мысалы,18 жасар ойыншының өзі жылына 1 миллион доллар таба алады.
Спорт ойынының түрлері:
Counter-Strike;Global Offensive;
Dota 2;
Hearthstone;
Overwatch;
League of Legends
FIFA;
StarCraft 2;
PUBG
Fortnite.
Мамандықтың ерекшеліктері:
Бұл спортта жүгіруде, суда жүзуде, тіпті гольфта жеңіске жете алмайтындар өздерін көрсете алады. Оның үстіне, бұл, шамасы, жынысы маңызды емес жалғыз спорт түрі: нәзік қыз кез-келген өзінен мықтырақ ер баламен ойнауына болады. Бір қарағанда, кибернетика мен спорт мүлдем сәйкес келмейтін нәрсе.Бірақ қазіргі кезде бәрі мүмкін.
Басқа жерден өзін көрсете алмаған адам,осы ойын түрімен көрінуіне болады.