Экономика
Несие алу жөнінде ой толғау
Дәл қазіргі уақытта несие алып көрмеген адам кемде-кем шығар?! Айлыққа дейін ақшаңыз таусылса бұрынғыдай біреуден қарызға ақша іздеп сабылмайсыз. «До зарплаты» деп аталатын кіші қарыз беру органдары көбейді қазірде. Несие алуға не себеп? Неге жастар «До зарплаты» дегенді алуға әуес? Ал, тарқатайық.
Үй салу керек болса, той жасау керек болса, керек десеңіз телефон мен теледидар алу керек болса да несиеге барып жүгініп жатамыз. Бөліп төлегеннен соң ба, қалтамызға ауырлық келмейді деп алуға құштармыз. Қазіргі кезде Apple басшысы айтпақшы, мақтаншақ жастар миллиардтаған ақша салып, заманауи үлгідегі ұялы телефонды алуды ар санамайды. Керісінше, соны алып шіреніп шырт түкіріп, жарқыратып шығарып «Әллөу» дегенге мәз болып жүргендерді де көріп жүрміз. Негізі несие алуға бола ма? Жоқ! Пайыз бар жерде береке болмайды. Дәлелді Құраннан іздейік. Алла Тағала Құрани Кәрімде «Алла Тағала сауданы адал етті де, үстеме пайыз көруді арам етті» дейді. Пайғамбарымыз да «үстеме баға берушіге де алушыға да ол дүние арам болады» деген мағынадағы хадис бар. Алуға болатын жағдайлар бар. Мысалы, бетін аулақ қылсын, сіздің бір жақыныңыз қатты аурып қалса, оның операциясына дереу ақша керек болады. Сөйтіп, жақындарыңыздан ондай ақша шықпайды. Сол кезде қатты қыжалат болғаннан алса рұқсат. Басқа жағдайда дұрыс емес. Ер жігіттің серігі-жүйрік ат болса, қазіргі кезде көлік адамның айнымас серігі. Оның өзі несие болса, оның серігі несие деген сөз деп түсінеміз бе? Әлде, уақыт талабына бұны да итеріп, сытылып шығудың қамы жасаймыз ба?! Ал, жастар жағы белсенділік танытып отырған «До зарплаты» да сол өсімге жатады. Жастардың әуес болу себебі оған тек төлқұжатты апарып, аппараттан керек сомманы шығара аласың. Басқа несие сияқты емес, құжат жинап, кезекте тұрып таусылмайсыз. тек, терминалды тауып тіркедіің, алдың, кеттің. Оның күніне қосатын ақшасы бар. Уақытына жетсе оның уақытыны созу үшін тағы ақша төлейсің. Толық болмаса хабарласып қитығыңа тиеді. Мысалы, күніне 150 теңге қосып отыр деп алсақ, сіз оны 20 күнге алдыңыз. 5000 теңге алсаңыз 20 күннен кейін 8000 қылып қайырасыз. Не пайда? Оданша жалақыны күтіп, сол жалақыны барынша үнемдеп жүргенің мың есе артық секілді.
Ислам дінімізде айтады, ырзығы адал емес пенденің дұғасы қабыл болмайды деп. Яғни, несиемен жасаған тойыңыз тек рия үшін болады. Той деген - екі жастың некелескенін елге жариялау мақсатында, үлкен қариялар мен тустардың батасын алу үшін жасалып отырса, сіз адал емес ас қойсаңыз ондай жерде қайдан береке бослын? Үйдегі балаңызға сол арамнан болған ақша арқылы жегенге нан, ішкенге сүт апарасыз. Ас қортылып, қанға бөлінеді. Әлгі қан жүректен тікелей өтерін тағы ескерейік. Жүрек бұзылса адам бұзылады. Ондай астан кейін әлгі баланың болашағы да ойран болады. Бір тістем еті бұзылды, демек, іші де сырты да бұзылды.
Отырып алып заң соғып отырғанымыз деп емес, бәлки, сізге деген құрметімізді осылай жеткізді деп білгейсіз.