Шымкент
Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.
— Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, — деді Н. Сүгірәлиев.
Айта кету керек, Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 19 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 01.05.2020 жылы сағат 07.00-ге дейін бірқатар шектеулер енгізіліп отыр. Сонымен қатар, қаулыға сәйкес қалада қоғамдық көліктер жұмысын уақытша тоқтатылатынын да айта кету қажет. Мұнан өзге, қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастырады. Шымкенттіктер барар орнына такси қызметін пайдалана алады. Дегенмен, таксиде 2 адамнан артық жолаушы алуға болмауы тиіс. Ал, шаһарда заңсыз жүрген, тіркелмеген такси қызметіне рұқсат етілмейді.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы