Қоғам

Жалынды жастар бастамасы

Еріктілер жылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Болашақ жастардың қолында» деген үкілі үміт байқалатын сөз өзіндік қызық дәурені өтіп жатқан жастарға үлкен демеу берері сөзсіз. 

Өйткені техниканың бәсеке түскен заманында екінің біріне ғана бұйыратын үлкен мүмкіндік жас буынның өзіне деген сенімділігін арттырары айқын. Өткен жылдың «Жастар жылы» болғанын еліміздің жас пен кәрісі біледі. Енді осы қарқынын жоғалтпай, ерікті жастардың көбейгені көпке мәлім болғаннан кейін, келген жыл «Еріктілер жылына» жалғанды.

Қала тұрғындары көп өтетін маңайларда қолына жәшігін алып бүлдіршіндерге көмек үшін қаржы жинап жүрген «ерікті» жастарды көру бүгінде таңқалатын жағдай емес. Бұл көңілге қуаныш ұялатарына кәміл сенімдіміз. Бұдан бөлек белгілі жұмыс орындарында «ерікті» ретінде жұмыс жасап жүрген жастардың да қатары көбеюде. 

Аталмыш жыл атауының бастамашысы болған «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымының төрайымы Вера Ким. Еріктілерге біршама қолдау білдіріп жүрегенін айтқан Вера Ким өзінің ойлағанын ұсыныс ретінде жеткізген. Ұсыныстың дұрыстығымен келіскен президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «еріктілер жылы» деп жариялады.

Осыдан кейін еріктілер саны артпаса азайған емес. Өздерінің кәусәр шақтарының басым бөлігін жақсылық жасауға арнап келе жатқан жастар айына екі рет балалар үйіне барып концерт қойып, балаларға сыйлықтар таратады. Осы арқылы жылу іздеген кішкентай бүлдіршіндердің көңілін бір көтеріп қайтады. Жүздеріне күлкі ұялаған бейкүнә сәбилердің қунышты сәтін көру әр адамға бақытпа дерсің. Еріктілікке жол бір бағытпен шектелмейді. 

Атап өткендей қаржылай көмекпен қоса қыс мезгілінде көше қарын тазалау, жұмысшыларға тегін түскі ас тарату секілді қарапайым көмек те сол еріктілікке жатады. Бастамасы «Жастар жылымен» басталып, «Еріктілер жылына» жалғасқан бұл игі шара жоғалмай, жылдарды артқа тастап жалғаса берсе, болашақ жарқын болары айдан анық.

Аңсат ДҮЙСЕНҒАЛИ,

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 2-курс студенті