COVID-19
Билл Гейтс NBC басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясынан қалыпты өмірге оралудың қандай жолы барын айтты
Оның айтуынша, бұрынғыдай қалыпты өмірге оралу үшін коронавирусқа қарсы екпе жасату керек.
"Адамдарды қалыпты өмірге қайтарудың жалғыз жолы - тиімді және қолжетімді вакцина алу", - деді Гейтс.
Microsoft негізін қалаушы жаппай вакцинация коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға және ауруды "әлемдік деңгейде" тоқтатуға мүмкіндік береді деп санайды.