Әлем жаңалықтары

Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлығы кімге бұйырды?

Швед академиясы экономика саласы бойынша 2020 жылы Нобель сыйлығын иеленген лауреатты атады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нобель америкалық экономистер Пол Милгром мен Роберт Уилсонға аукциондар теориясын жасағандары үшін бұйырды.  

Өткен жылғы премияны Гарвардтан шыққан Майкл Кремер мен Массачусет технологиялық институтынан ерлі-зайыптылар Эстер Дюфло және Абхиджит Банерджи алған. Олар кедейлікпен күресудің тың жолдарын іздестіріп, бұрын соңды болмаған қадамдар ұсынған еді.

Жалпы экономика саласындағы Нобель сыйлығын жар салып айта бермейді. Ресми түрде ол Швед мемлекеттік банкінің экономикалық ғылымдар үшін Альфред Нобельдің естелігі ретінде жыл сайын берілетін сыйлығы. 1968 жылы швециялық Sveriges Riksbank орталық банкі өзінің 300 жылдық мерейтойының құрметіне Нобель қорына экономикалық ғылымдарға сыйлық тағайындау үшін өте қомақты сома бөлген еді.

Премия лауреатын Швед ғылымдар академиясы таңдайды.