Weekend
20 күн бұрын ауруханада жатыр еді
Бірнеше күн бұрын саясаткер өз инстаграм парақшасында анасының ауырып жатқандығы туралы, қоғамдық ісіне уақытының жоқ екені туралы жазған болатын.
«Анамыз 20 күн бұрын ауруханаға түсті. Инсульт. Соңғы уақытта қан қысымы қатты мазалап жүр. «Жедел жәрдем», жан сақтау бөлімі, интенсивті емдеу палатасы, қайтадан реанимация. Жағдайы ауыр. 82 жаста.
Қоғамдық істерге уақыт та, шынымды айтсам, анам үйге келгенше көңіл-күй де жоқ. Сол себепті бірнеше онлайн кездесуді, сұхбаттарды тоқтаттым. Қоңыраулар мен хаттарға жауап бермегенім үшін кешірім сұраймын!
Бұдан бөлек, тауда жүгірем деп тайып кетіп, аяғымды сындырып алдым. Ауруханада жатырмын. Отаға дайындап жатыр. Аналарыңызды, өздеріңізді сақтаңыздар!», – деп жазған саясатер.