Ерекше челлендж: Қазақстандықтар Instagram-да Бораттың қайда тұратынын көрсетіп жатыр - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Бораттың қайда тұратыны көрсетіліп жатыр

Қазақстандықтар #WhereBoratLives (#Боратқайдатұрады #ГдеЖиветБорат) челленджін бастады. Мақсаты - Қазақстанның туристік әлеуеті мен әдемілігін көрсету, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Идеяны цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов қолдады. Ол Қазақстан табиғатының фотосы мен видеосын #WhereBoratLives хештегі арқылы жариялауға шақырды.

"Менің досым бұл хайптан ел үшін пайдалы іс шығаруды ұсынды. (...) Бәріңіз фото, видео түсіріңіз. Хайп жалғасады және адамдар да қызығады. (...) "Борат" фильмі ойдан шығарылғанын дәлелдейік. Қарсы шықпайық, керісінше, біздің еліміз ондай емес екенін көрсетейік", - деді әртіс.

Идеяны Желі пайдаланушылары қолдады:

"Керемет идея ғой! Керіден бастаймыз және Борат аты жазылған #whereboratlive хештегін қоямыз. "Тамаша!", "Жақсы идея", - деп жазды пайдаланушылар.

Челленджді қолдағандардың арасында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты бар.

"#WhereBoratLives - керемет елдің нағыз артықшылығын көрсете алатын тамаша челлендж. Қазақстанның мақтанышы көп. Отанның ең құнды артықшылығы - оның табиғаты (...)", - деп жазылған видеоның астында.

Еске салайық, соңғы уақытта "Борат" фильмі тағы да қызу талқыланып жатыр. Себебі таяуда "Бораттың" екінші бөлімі шығады. Алғашқы "Бораттың" шыққанына 14 жыл болды, бүгінге дейін қазақстандық танымал тұлғалар бұл фильмге қатысты түрлі пікір білдірген.

0 Пікір Кіру