Weekend
Оларға неге "сал" және "сері" тіркестерін қосып айтқан?
Сал-серілер– өткен заманнан бері келе жатқан қазақ поэзиясының жарқын өкілдері. Байырғы заманда сал-серілер дегеніміз кімдер болған? Оларға неге "сал" және "сері" тіркестерін қосып айтқан? XIX-XX ғасырдың сал-серілері кімдер? Және олардың қазақтың тұңғыш әдебиетінде алатын орны қандай? Ал,бүгінгі күннің сал-серілері кімдер? деген сұрақтар әр қазақ баласы үшін маңызды болуы шарт.
Қазақ әдебиетінің негізгі әрі ең әдемі бағыты сал-серілік бағыт. Ең әуелі "сал" сөзінің мағынасын түсіндіре өтейік. Сал дегеніміз– тым кербез, киім киісі өзгелерден өзгеше, мінезі ерек, тым талантты, елдің еркесі, халықтың қошеметіне бөленіп жүретін, ел арасындағы тұлға. "Сері" сөзі де "сал" сөзімен тығыз байланысты. Ән айтатын, күй тартатын, сонымен қатар шешендігі, ақындығы, құс баптауы, жүйрік шаптыруы, тіл шеберлігі сырт келбетімен келіскен жігіттің сабазы, яғни, сегіз қырлы, бір сырлы аса биік тұлғалы азамат.
Өткен дәуір сал-серілері кімдер болған?
Сал-серілік өнердің негізгі бастауы: Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Дәурен сал, Шерке сері, Нияз салдардан нәр алады.
Жаяу Мұса Байжанұлы– XIX ғасырдың бас кезіндегі өз өнерімен халық қошеметіне бөленіп,ерте жасынан халық арасында танылып үлгерген шоқтығы биік,нар тұлға.
Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып саясатшылықпен айналысады.
Жаяу Мұса қазақтың сал-серілік өнерін мазмұн, түр жағынан дамытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор.
Біржан сал Қожағұлұлы-сол дәуірдің даңқты ақын,сазгері.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен құнды. Айтыс өнері оны дарынды, суырып салма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала. буын игі әсерін тигізген.
Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы— ақын, әнші, композитор. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндері де бар.
Ал,қазіргі заман сал- серілері кімдер?
Бүгінгі күн, ХХІ– ғасыр нағыз өнер саңлақтарының, қазақ поэзиясының өсіп, өнген дәуірі. Бүгінгі таңда да елімізде сал-серілік өнермен айналысып жүрген белді тұлғаларымыз жетерлік. Мысалы, Бекболат Тілеухан, Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов секілді еліміздің маңдайға біткен жұлдыздары. Халқының қамын жеп, айтыс өнері,ақындық өнері арқылы халықтың ақ батасын алып жүрген азаматтар. Әнге шынайылықты қосып жамандардың арпа етін арша, борбай етін борша етіп жүрген серілеріміз аман болсын.