Алматы

Алматы жоғары оқу орындарында адалдық сағаты өтті

Жастарға патриоттық тәрбие беру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының 1 қыркүйек күні жолдаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауына сәйкес, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері мен ұстаздарына "Адалдық сағаты" өткізілді.

Шара барысында алғысөз алған жоғары оқу орны ректоры Талғат Нұрғожин білім саласында істеліп жатқан жұмыстар жайында, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында қолға алынған шаралар жайлы тоқталды.

Аталмыш шараға сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат пен "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев қатысты.

"Адалдық сағаты" барысында мемлекет басшысының жолдауы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқаралып жатқан жұмыстар мен іс-шаралар таныстырылды.

- Құқықтық қағидалардың барлығы заң жүзінде бекітіліп, шынайы іс-әрекет жүзінде тиімділігін көрсетуде. Алайда жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа іс-шаралар қолға алынатын болады. Мұның бәрі тиімді нәтижеге жеткізуі тиіс. Осы орайда айта кеткен жөн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішінде жас ұрпаққа адами адал құндылықтарды сіңдіру идеологиясын жүргізу де аса маңызды саналады. Жастардың адал, еңбекқор, қамқор, парасатты әрі өз отанының патриоты болғаны жөн, - деді сөз барысында Данияр Таумұрат.

Спикерлер "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің жұмыс қорытындысын жариялады. Кеңсе басшысы Қайыржан Тоқышевтың айтуынша, жоба екі жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктердің бірі ретінде көрсете білді.

- Білім беру мен парасатты ұрпақты тәрбиелеуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Білім беру саласы тұлғаларының әрбір нысаналы тобы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Білім беру мекемелері қызметінің негізгі бағыттарын зерттеу және талдау үшін сараптамалық топтар құрылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді. "Таза сессия" акциясы, "Адал бол", "Адалдық сағаты" сынды ашық тәрбиелік сағаттар өткізіліп тұрады, - дейді кеңсе басшысы.