Алматы

"Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі Алматы қаласынан бастау алған

Екі жарым жыл бұрын құрылған жоба

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің білім саласындағы жемқорлықпен күресетін "Саналы ұрпақ" республикалық жобалық Алматы қаласының білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс жасауда. Ал жобалық кеңсесінің бастамасына Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсеткен. Мұны республикалық жобалық кеңсенің басшысы Қайыржан Тоқышев айтты.

"Саналы ұрпақ"  жобалық республикалық кеңсесі – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің салалық кеңсесі.

– Біз 2018 жылы құрылғанбыз. Бұл жобаны Алматы  қаласының әкімдігі, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қолдаған. Біздің жұмыстар қоғамдық негізде атқарылып келеді. Белсенділеріміз – Алматы қаласының студенттері. Негізгі мақсат – барлық білім беру мекемесінің ұжымына жемқорлықтан таза қоғам идеясын ұқтырып, біріктіру. Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа мәдениетке тәрбилеуді де мақсат еттік, – дейді Қайыржан Тоқышев.

Осы бағыттар бойынша "Саналы ұрпақ" жобалық республикалық кеңсесі бірінші кезекте Алматы қаласындағы білім басқармаларымен жұмыс жүргізеді.

– Сонымен қатар, жобалық кеңсенің ұсыныстарын мектептерде, колледжерде, университеттерде сынақтан өткіземіз. Содан кейін республиканың барлық өңірлеріне ұсыныстарымызды таратамыз, – дейді "Саналы ұрпақ" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Бұл – 2,5 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шара тізбегі. Шілде айын онлайн конференция арқылы еліміздің барлық өңіріндегі мектеп, колледж директорлары мен университет ректорларымен өткен оқу жылын қорытындыланды.

– Сөйтіп, алдағы жаңа оқу жылына жаңа міндеттер алдық. Биылғы оқу жылы басқаша басталып жатыр. Яғни қалыптасқан жағдайға байланысты қашықтан оқуға мәжбүр. Оқу орындарының басшыларына 1-курсқа қабылданған студенттерге сол университетте қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру жайлы ұсыныс бергенбіз, – дейді Қайыржан Тоқышев.