Алматы

Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізді

Электронды қызмет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы 2020 жылдың жартыжылдығын қорытындылау үшін жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізді.

Талдау ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылы 19 қазанда қол қойған №12 бұйрығы мен Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының 2020 жылы 16 шілдеде қол қойған №114 қаулысына сәйкес жасалды.

Басқарманың міндеттері ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Кәсіпкерлік кодексі, ҚР Жек кодексі, ҚР "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс іс-әрекеттері", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" заңдарымен бекітілген:

- Алматы қаласы аумағында тұрғызылып жатқан құрылыс нысандарын тексеру және сәулет-құрылыс заңнамасына сәйкестігін анықтау, заң бұзушылықтың алдын алу;

- Алматы қаласы жер ресурстарының тиімді пайдалануын жүзеге асыру;

- Ғимараттар мен жерді қолданудағы заңбұзушылықтардың алдын алу;

- Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде сандық технологиялар арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын және ашықтығын арттыру;

- ҚР заңнамасында белгіленген жергілікті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мүддесін қорғау әрі жүзеге асыру.

Басқармада қазіргі уақытта 53 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оларға берілген кеңес келесідей: мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттығу көңіл бөлу қажет.  

Ішкі талдау барысында заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру сапасы тексерілді.

Басқарма тарапынан 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында 9836 құжат қаралып, айналымға жіберілді. Оның ішінде 2493-і – заңды және жеке тұлғалардан келген өтініштер. Бұған келесідей кеңес беріледі: заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде ҚР заңнамасына сәйкес барлық талаптарды орындау қажет.

Басқармада "Сенім телефоны" орнатылған. Қазір жұмыс істеп тұр. Басқарма ғимаратының ішінде және сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сенім телефондары көрсетілген.

Қазіргі уақытта басқарма тарапынан бюджет қаржысын қолдану бойынша ашық дереккөздерді ұсыну бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ақпараттық ашықтығы үшін Алматы қалалық мәслихатының бюджет қаржысын бөлу жөніндегі шешімі, мемлекеттік сатып алу жөніндегі жылдық жоспар – бәрі электронды порталға жүктеледі. Соның негізінде сатып алу жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу жайлы ақпарат, хаттама, құжаттама, конкурс қорытындысы бәрі электронды портал арқылы жасалады.

Бұдан басқа, басқарманың ғаламтор ресурсында "қаржылық есеп" бөлімі бар. Онда басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспары, оның хаттамасы, бюджет өтінімі, бюджет бағдарламалары, бюджет қаржысын жұмсау жайлы есеп орналастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермес үшін басқарма басшысы ҚР заңнамасын ұстану қажеттігі жайында жиі түсіндіру жүргізеді. Әрі заң бұзған жағдайда қандай жаза қолданылатыны жайында ескертіледі.