Bugin
Қазақ Ұлттық Университетінің "Көмек" қоғамдық қоры 10 жыл толуына орай "100 отбасына көмек" жобасын қолға алды
Жобаның мақсаты – әлеуметік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл жобаға қаражат тікелей халықтың көмегімен жиналып жатыр. Жүрегі мейірімге толы жандар соңғы 100 теңгелерін де электронды банкинг арқылы аударып жатыр.
Алғашқы екі отбасына 20 мың теңге көлемінде ақшаға азық-түлік сатып алынып, көмек көрсетілді. Екі отбасының да әлеуметтік тұрмысы нашар. Бірі 4 балалы жалғыз басты ана. Алматы облысы Шаңырақ ауылыныңтұрғыны. Екінші отбасы Жаңадәуір ауылында тұрады. 5 балалы жалғыз басты ана.
- Бұл жоба мұқтаж жандарға көмектесетін алғашқы жоба емес. Бұған дейін де көптеген отбасыларға көмек көрсетілді. «100 отбасына көмек» жобасы Көмек қоғамдық қорына 10 жыл толу қарсаңында ұйымдастырылып жатқан ауқымды жобалардың бірі. Тек қана отбасыларға емес, экологиялық еріктілік, мәдени еріктілік, қайырымдылық концерттер, табиғатты аялау, сенбіліктер ұйымдастырып тұрамыз. Көмек қоғамдық қоры Алматы облысындағы 6 балалар үйіне тұрақты көмектесіп отырады. Балалардың көңіл-күйін көтеріп, сабағына көмектесіп әке орнына әке, аға орына аға болып барынша қол ұшын созамыз. Алдағы уақытта да қоғамға пайдамызды тигізетіндей көптеген жобалар ұйымдастырсақ деген ниетіміз бар. Енді бұйырса карантин толғымен аяқталса, негізгі жобаларымызды қолға аламыз, - дейді қоғамдық қор төрағасы Мейрамбекұлы Жігер.
Алдағы уақытта Жаңақорған ауданы, Шалқия кентіндегі баспанасыз қалған жалғыз басты анаға көмектесу көзделіп отыр екен.