Hi-Tech
Apple компаниясының тың жаңа құрылғысы басты мақсатына жете алды ма?
Планшеттік компьютерлерді жасау идеясы жиырмасыншы ғасырдың соңында пайда болғаны жайлы білетіндер аз. Тіпті iPad жобасы бүгінгі күні әлем бойынша бір миллиард данасы сатылған iPhone-нан бұрын пайда болған. Десек те, компьютердің орнын басуды мақсат еткен iPad араға отыз жыл салып жарыққа шықты. iPad - ты әлемдегі ең бірінші планшет деуге әсте болмайды. Себебі 2010 – шы жылға дейін басқа да планшеттер кеңінен пайдаланылып жүрді. Мысалы Билл Гейтс 2002 жылы Windows XP Tablet PC Editionқұрылғысын ұсынды. Бірақ аталмыш планшеттердің барлығы адамдарға жұмыс бабымен ғана пайдалануға ыңғайлы болды. Ал Apple компаниясының мақсаты – адамдарға барлық жағынан ыңғайлы құрылғы ұсыну. iPad – тың артықшылығы да сонда: кино көруге де, ойын ойнауға да, іскерлік мақсатта да пайдалануға болады. Осыдан болар алғашқы 80 күнде iPad – тың үш миллион данасы сатылып үлгерді.