«Тікұшақтан у шашып жатыр»: Ақтау халқы дүрлігуде - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Ақтау тұрғындары дүрлігіп жатыр

Ақтау тұрғыны ұшақтан кейін қалған айқын қызғылт-қызғылт сары ізді видеоға түсіріп алған. Автордың айтуынша, «тікұшақтан у шашып жатыр», осыдан кейін адамдар ауырады. Бұл негізсіз мәлімдеме, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сулейдің айтуынша, ешқандай химиялық заттар шашылған жоқ, бұл жолаушылар ұшағынан кейін аспанда қалған із.

– Ақтау қаласының әуежайы қаланың өзінен 20 км қашықтықта орналасқан. Камера дәл сол жаққа бағытталған. Бұған қоса, видео күн батарда түсірілген, сондықтан із қызыл түсті. Бұл жолаушылар ұшағынан қалған із. Соңғы уақытта авиацияны тарта отырып, ешқандай оқу-жаттығулар өткізілген жоқ, – деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы.

0 Пікір Кіру