Саясат
Индонезиядағы әуе диспетчерінің ерлігі
Жер сілкінісі, артынан цунамиге ұласқан табиғи апат салдарынан Индонезия халқы қара жамылып отыр. Апат айтып келмейтінін түсінген халықтың жұбанышы айналған 21 жастағы әуе диспетчері Антониус Гунаван Агунг.
Ол жер сілкінсі кезінде Сулавеси аралындағы Палу қаласының Мутиара SIS Аль-Джуфри әуежайында дипетчерлік қызметін адал атқарып, қасындағы жолдастарының сөзіне құлақ аспастан, ұшақ әуеге көтеріліп кеткенше орнында болған.
Ұшақ көкке көтерілді-ау деген кезде 4-қабаттан жерге қарай секіріп түскен жігіттің денесі сынық жарақаттарымен қоса, ішкі ағзаларының зақымын алып, жедел ұшақ келгенше қайтыс болған.