Bugin

«Ұмытыңдар оны» спектаклі ұмытылмастай әсер қалдырды

Мүсірепов театры талай талантты сахна тарландарының бағын жақты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мүсірепов театры талай талантты сахна тарландарының  бағын жақты. Сахна құдіреттілігінің  сырын ұқтырды. Жас буын өкілдерінің  қанатын  қатайтып,  жігеріне жігер қосты.  

Қыстық демалыста ауылда жүрген кезімде  Мүсірепов  театрында болатын «Ұмытыңдар оны» қойылымының  премьерасы  16-шы қаңтарда  өтетінің  инстаграмнан көріп қалдым . Тұсаукесерге  келе алмай , бұл спектаклді көру 23-ші қаңтар  күніне бұйырыпты. Ұзақ  күткен спектаклім көңілімді серпілтіп, санамды сергелдеңге салды. Өткен мен болашақты бір арнаға тоғыстырып , көрерменнің ыстық ықыласына бөленген  спектаклдің  режиссері – Жұлдызбек Жұманбай . Ойлы туындының көрермендерге ұнағаны соншалық,   театрдан шыққылары келмей ұзақ тұрды. Бүгінгі күннің қасыретін екі-ақ сағатқа сыйдырып, опасыз адамдардың  бетпердесін ашып көрсеткені үшін театр ұжымына  шексіз ризашылығымды білдіремін. Басты рөлде ойнаған  Мақсат Рахмет  қабілетінің  биік деңгейде екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Атың шықпаса жер өрте дегенге  келетін спектаклдің идеясы  биікте. Атақ үшін  зұлымдыққа барған  Герострат  Құдайларға ашық күресін бастаған. Жә осы да жарар арғы жағын театрға барып көріңіз . Одан басқа Клеон рөлінде ойнаған  Еділ Рамазан тіптен бөлек, ерекше әсер қалдырды. Әділеттілік үшін күресіп , дегеніне жете алмай жатқан жандардың арпалысын  бір Клеонның  бойынан жинақтай білген Еділ ағаға ерекше алғыс. Ал Клементинаның образы мүлдем бөлек әңгіме. Бірде терең ойға батырып, бірде үстінен салқын су құйып жібергендей күй кешіріп ,  арасында көрермендерді   жеңіл әзілмен күлкіден қарқ қылып, ұмытылмастай  әсер қалдырған  «Ұмытыңдар оны» спектаклі  заман келбетін  айқындап көрсете білді .  Оны көріп,  сахна құдіретін сезінгіңіз келсе  6-шы ақпан күні  театрға барып  тамашауларыңызға болады.