Weekend

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Уильям Мозер "Борат" фильмі туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Kazakh TV арнасына берген сұхбатында "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елші фильмнің бірінші бөлімін ешқашан толық көрмегенін және оның тек үзінділерін көргенін айтады.

"Бұл фильм ғой. Адамдар киноға барады, оны көреді, басқасын көреді", - деді Мозер Бораттың екінші бөлімі туралы.

"Халықтың фильмді қабылдауы және оған бармай-ақ ол туралы не ойлайтыны көбіне жеке басқа қатысты жағдайда қалыптастады. АҚШ-та Қазақстанның талантты өкілдері көп. Өз елін шынымен таныстырып жатқан адамдарды халық фильмді көрген немесе көре алмаған адамдардан гөрі ұзағырақ уақыт есте сақтайды", - деп толықтырды Мозер.