Әлем жаңалықтары

Халық дегеніне жетті: президент те, премьер де, праламент спикері де бір адам

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің соңынан праламент спикері Қанатбек Исаев та орнын босатты. Ел билігі жаңа премьер Садыр Жапаровтың қолына өтті.

“Президент те, премьер де, парламент те бір адамның еншісінде”

Бейсенбіде премьер Жапаров праламент спикері Исаевтің отставкасы туралы хабарлады. Ал жұмада өткен отырыста спикер мұны растады.

“Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткен соң заңға сәйкес мемлекет асшысының өкілеттілігі праламент спикеріне өтуі тиіс. Ал бүгін мен президент өкілеттілігін қабылдаудан бас тартатынымды мәлімдеймін”, - деді Исаев отырыс барысында.

“Президент өкілеттілігі премьер-министр Садыр Жапаровтың қолына өтеді. Бір адам президент те, премьер-министр де, парламент спикері де болып отыр. Мұндай жағдай тарихта бұрын соңды болмаған”, - деді депутат Өмірбек Текебаев.

Отырыс барысында 9 қазанда ел астанасы Бішкекте енгізілген Төтенше жағдайлар режимінің алынатыны хабарланды.

Праламент сайлауынан соң елде аласапыран басталып, Жапаров түрмеден босатылған.

Оқиға қалай өрбіді

Бейсенбі күні президент отставкаға кететінін хабарлады. “Құрметті отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, мемлекет тұтастығы, халқымыздың бірлігі мен тыныштығы бәрінен маңызды. Әрбір отандасымның өмірінен құнды, бағалы ештеңе жоқ. Билікке құмар емеспін. Қырғызстан тарихында халқына оқ атқан, қантөгіс жасаған президент ретінде қалғым келмейді. Сол себепті отставкаға кетуді жөн көрдім”, - деді Жээнбеков.

Жээнбеков кеткен соң мемлекет билігі заң жүзінде парламент спикері Исаевтің қолына өтуі тиіс еді. Алайда президенттің отставкасынан кейін бірнеше сағаттан соң премьер Жапаров Исаевтің де орын тағын босатқанын мәлімдеді. Сөйтіп Жапаров Үкімет үйі салдына жианлған жақтастарына президенттің міндеттерімен ендігі өзі айналысатынын хабарлады.

“Құрметтілерім, сендерді жеңістеріңмен құттықтаймын. Бүгін бәрі қалыпқа келді. Экс-президент отставкаға кетті, парламент спикері Қанат Исаев оның міндеттерін орындаудан бас тартты. Енді президент пен парламент спикерінің орны менің қолыма өтті. Сенімдеріңе рақмет”, - деп келтірді президенттің сөзін 24.kg.

Өз дегеніне жеткен халықтың агрессивті шеруі би алаңына айналды.

Сценарий...

Сәрсенбінің “сәтті күні” Жапаров Үкімет басшысы болды. Әрине, бірден бола қойған жоқ. Алғашқы тағайындауды президент тоқтатты.

“Президенттің отставкасын халық талап етіп отыр. Бүгін президентпен жоолығамын, мұны шешеміз”, - деді Жапаров журналистерге. Бүл уақытта Үкімет үйі ғимаратының алдына Жапаровтың жақтастары жиналып, президенттің кетуін ұрандап тұрған.

Президентпен жолыққан Жапаров одан сол күннің аяғына дейін отставкаға кетуін талап етті. Алайда Жээнбеков көнбеді. Себебі оның дәл осы жағдайда кетуі мемлекетке зиян тигізуі мүмкін деп есептеді.

Алайда бейсенбі күні шешімін бірден өзгертті. Себебі, агрессияның басылмайтынын түсінді. Егер өз айтқанына қайтпаса, қан төгілетінін білді, ал Жээнбеков мұны әсте қаламады. Екі жақты да, халықпен құқық қорғаушы органдарынан провакацияға берілмеуін сұрады.

Жээнбеков осыдан үш жыл бұрын, 2017 жылдың 15 қазанында президент болып сайланды. 61 жасында отставкаға кеткен бесінші президент ол.

Бұдан кейін қырғыз билігі халықтан сескенетіні сөзсіз. Соңына дейін күресеміз деді қарапайым халық, күресті. Енді билік қайда да өз абырой-беделін ойлайтын болады. Себебі халық үшін билік ендігі жерде қасиетті емес.