МӘДЕНИЕТ

Саған тағы бір өлең

Ғашықтық жыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Сырлассам сеніменен түнгі аспанда,
Не жетеді жаным-ау, сырласқанға.
Түнгі жарық жұлдызбен бірге ағып,
Жазылайық ғашықтық жыр-дастанға.

Жүрек жүдеп қалғанда, жүрек жүдеп,
Жаныма кел, жанымды бірге түлет.
Көктемім боп гүліме сәніңді бер,
Ерекше бір жайнайын менде түлеп.

Түнде жалғыз қаламын өлеңменен,
Өзің жоқсың, серігім өлең дер ем.
Өлең маған сыйлап жүр бірер үміт,
Сол үмітте өзіңсің түсте көрген.

Бұзып жүрсің ұйқымды түнге қарай,
Түске енер пәк жүзің күміс арай.
Сәуле шашып жылт етіп көрінесің,
Жүрегім де сақталған алтын сарай.

Менен алыс, жүректен қашықтасың,
Көңілімді қашықтық жасытпасын.
Сарғайып та жүрермін күзгі күндей,
Сағынышым бірақ та тасытпасын.