Weekend

Үй гүлдері: Үй жағдайында қандай гүлдер адамға қауіпті? Нені білуіміз керек?

Қандай гүлдерді өсірмеген жөн? Ал қандай гүлдер пайдалы?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үй жағдайында гүлді өсірудің пайдасы мен зиянын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Гүл өсіруден бойын аулақ ұстап, ат тонын ала қашатындарды да кездестіреміз. Бұл да дұрыс шығар. Себебі адам өміріне қауіпті гүлдер де жетіп артылады. Мысалы, гүл жапырағының шырыны қауіпті – диффенбахия, хош иісті экзотикалық – олеандр, адам ағзасына қауіпті – азалия, шаштың түсуіне әсер ететін – жиырылғыш мимоза, көзге және теріге, ас қорыту жүйесіне зиян– монстера гүлдері үй жағдайында өсіруге өте қауіпті. Алайда, адамға жағымды аура сыйлайтын, пайдасы мол гүлдердің бар екенін ұмытпаған жөн. Гүл қай заманда, қай уақытта болсын өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын жоғалтпаған. Тіпті, адамның күнделікті белсенді болуына, жұмысқа деген құлшынысы, көңілді жүруі, рухани және материалдық дамуына гүл өсірудің тікелей қатысы бар. Ендеше, сіз де гүл өсірудің пайдасын біле жүреңіз!

Алоэ

Бұл гүлді үй "санитары" деп атауға болады. Себебі ол пластиктен, линолеумнан, электр көзінен шығатын зиянды заттарды өзіне жұтып, таза оттегін бөліп шығарады. Сонымен қатар, алоэ гүлі емдік қасиетімен де ерекшеленеді. Оны жараға, ас қорыту жолының ауруына қолдануға болады.  

Герань (пеларгония)

Герань гүлінің ғылыми атауы-пеларгония. Ол бөлмедегі ауаны ылғалдылықтан, улы газдан, микробтар мен вирустардан тазартып отырса, жаз айында үйге шыбын-шіркей кіріп кетуден қорғайды. Бұл гүл қан қысымының төмендеуіне, невроз бен бас ауруына ем, сонымен қатар алмасу процестерін қалыпқа келітіруге қабілетті.  

Шегіргүл (сенполия)

Шегіргүл үйіңізде үйлесімділік пен қуаныш, тыныштықты қалыптастыра отырып, жағымды аура сыйлайды. Ақ шегіргүл миыңызды тынықтырып, жаман ойдан тазартады. Қүлгін және қызыл түсті гүлдер үй иесін тұйықтықтан және ішкі күйзелістен сақтайды. Көк түсті шегіргүл адам бойында шығармашылық қабілетті оятуға бейім. Көгілдір түсті гүл отбасы мүшелері арасында жылы қарым-қатынас орнатып, өзара түсіністік сыйлайды.

Бөлме фикусы

Фикус үй иесін уайымнан, үрей мен агрессиядан арылтады, сонымен қатар  адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізеді. Ауадағы шаң мен уытты, формальдегидтерді жұтып, бөлмені тазартады. Сонымен бірге тыныш ұйқы мен сергек оянуға ықпал ететін заттарды бөледі.

Хлорофитум

Хлорофитум басқа гүлдерге қарағанда ауаны пластиктен, еден жабындарынан, токсиндерден, бактерия мен вирустардан, зеңдерден жақсы тазартады. Бір сөзбен айтқанда, хлорофитум үйгдегі зиянды қоспалардың 80% - ын жоюға қабілетті. Өсімдік күтімі өте қарапайым.

Традесканция

Бұл гүл-үйдің қолайлы аурасының басты индикаторы. Гүл жағымсыз ойдан арылтып, өмірлік қиындыққа оңтайлы қарауға көмектеседі, жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Ол ішкі күйзеліс пен шаршағанды басады.

Драцен

Ол үй атмосферасында зиянды бензолды, аммиакты, толуолды сіңіреді, төмен сапалы құралдардан бөлінетін, микробтармен күреседі. Сонымен қатар, емдік қасиеті де айтарлықтай, яғни сүйек-бұлшық ет құрылысын нығайтады, асқазан-ішек ауруларының асқынуынан алдын алуға көмектеседі. Үй аурасына энергетикалық тепе-теңдік сыйлайды.

Ақша ағашы

Ақша ағашы өз иесіне ерекше күш беріп, сергек, көңілді жүруіне мүкіндік береді. Бұл адамның автоматты түрде белсенділігін арттырып, өз жоспары мен мақсатының, соның ішінде материалдық мақсатқа қол жеткізуге бағыттайды. Сол себепті оны халық ақша ағашы деп атайды.

"Щучий хвост" (сансевиерия)

Қоршаған ортаны дөрекіліктен, жағымсыз энергиядан қорғайды, ойлау жүйеңізді қалпына келітіріп, шығармашылық қабілеттің оянуына ықпал етеді. Иммунитетті күшейтіп, жады жұмысын дамытып, ақпаратты белсенді меңгеруге көмектеседі.

Бегония

Гүлденген бегония – жылдың суық айында жылу мен жарық беретін нағыз антидепрессант. Қарапайым бегония әрқашан гүлдеп тұрады.