Hi-Tech
PlayStation ойын орталықтары
Microsoft-тың Xbox 360 және Sony PlayStation 3-тің тікелей бәсекелесі болып табылатын Nintendo Wii ойын консолі бейнеойынның табынушылары үшін ең ыңғайлы және көңілді ойын жүйесі болып табылады.
Nintendo Wii - Nintendo GameCube-т ің жетінші мұрагері. 2006 жылдың 27 сәуірінде консольдің ресми атауы жарияланып, оған "Revolution" коды қолданылған. 88 МБ негізгі жады мен текстура және видео буферіне арналған GPU үшін қосымша 3 Мб, ойындарды, бағдарламалық жасақтамаларды және жаңартуларды сақтауға арналған 512 Мб ішкі флэш жады бар бұл құрылғының көлемі кімді болса да қызықтырады. Оның ені 44 мм, биіктігі 157 мм және ұзындығы 215,4 мм болатын бұл консоль тігінен орналастыру мүмкіндігіне ие. Ақ қораптың ішінде жарықтандыру, контроллерлерге арналған тіреуіштер, салқындату желдеткіштері, аккумуляторлар, екі ойын картасына арналған орын және тағы да басқа функциялар қарастырылған.
Жүйе алғаш рет 2005 жылы E3 көрмесінде өткен Nintendo конференциясында таныстырылған. Ресейде 22 желтоқсан күні Wii іске қосылып, сатылым басталғанда ұсынылған бөлшек сауда дүкенінің бағасы 9900 рубль болған. АҚШ-та қорапшаның ресми түрде жарияланған бағасы 249,99 АҚШ долларын құрайды. Қолданысқа ыңғайлылығы соншалықты бар жоғы 3 жылдың ішінде бүкіл әлем бойынша шамамен 34,55 миллион консоль сатылған.
Opera интернет браузері пайда болғаннан кейін Wii Flash ойындарын жоғарғы қарқында жасай бастады. АҚШ-та 21-ге, Японияда 16 -ға жуық ойындар құрастырылды. Қазірде жиырмаға жуық ойындар сатылымда бар. Ақ қаптамасы мен ыңғайлы дизайны бірден көзге түседі. Қаптама ішінде бірнеше тілде ойын структурасы мен ережелері және құрылғы аксессуарларын қалай пайдалануға болатындығы жайлы түсінікті анықтама берілген. Бұл құрылғының ең басты ерекшелігі - ойыншы қозғалысына жауап беретін екі бірегей сымсыз контроллері болып табылады. Олар Wii Remote және Wii MotionPlus.
Wii Remote (кейде «Wiimote» деп аталады) Nintendo Wii ойын консолінің негізгі контроллері. Оның басты ерекшелігі - экрандағы нысандарға және нысандардың кейіпкерлерін басқаруға мүмкіндік беретін қозғалыс детекторы.
2005 жылдың 16 қыркүйегінде Токио Ойындарындағы көрсетілімнен кейін бұл контроллерге көпшіліктің ерекше назары ауды. Wii MotionPlus -Wii Remote контроллерінің мүмкіндігін көбейтетін құрылғы, 3D кеңістіктегі қозғалыстың жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен айналмалы қозғалыстарды оңай анықтауға болады.
Wii Remote құрылғысына Wii Nunchuk ұшақтың басқару тетігіне ұқсайтын қосымша контроллерді 1-1,2 метрлік сымы арқылы жалғауға болады. Контроллерде аналогты джойстик және екі түйме бар. Wiimote сияқты, Nunchuk да акселерометр сенсорына ие. Көптеген ойындарда Wiimote және Nunchuk бірге қолданылады.
Wii Remote контроллерін Wii Wheel деп аталатын салынған шағын пластикалық рульдік доңғалаққа орналастырып пайдалануға да болады. Wii дөңгелегі ойынды оңайырақ бақылауды қамтамасыз етіп, В түймесін оңай игеруге мүмкіндік береді. Дене деректерін оқи алатын құрылғы- USB камерасы көмегімен бағдарлама сіздің қозғалыстарыңызды нақты уақыт режимінде қадағалап отырады. Ал егер жаттығу дұрыс болмаса, оны түзетеді. Камера бірнеше ойында ғана пайдалануға арналған. Мысалы: «Racket Sports Party» ойынында қол жетімді.
Нотбуктар мен теледидарларға жалғауға болар ма екен деп ойлап отырсыз ба? Wii Lan адаптері арқылы бейнеойын құрылғысын кез-келген қажет деп тапқан технологияңызға жалғай аласыз.
Қорытындылай келе, Алматы қаласы бойынша он шақты бейнеойын орталықтарын аралай жүріп, дәл осы түрін кездестірмедік. Алайда olx хабарламалар сайтында осы бейнеойындарға арналып құрастырылып жасалған мамандандырылған электрондық құрылғы 35000 мен 100 000 аралығын қамтиды екен. Егер арзан бағада жеке- жеке жинап аламын десеңіз: Wii Remote контроллерін 8500 тгге, джойстик кантроллерін 15900тгге, Wii Nunchuk джойстигін 4900, Wii MotionPlus 4400тгге, Wii Lan адаптері 8300тгге ала аласыз. Сонымен 420000 тгге satu.kz сайтынан керегіңізді таба алады екенсіз.
Әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысқанда ғана бақытты боларын ескерсек, бірі- жасауға, дамытуға құмартса, бірі ойнап үлгеруге асық. Баға жетпес уақытымызды қадірлей білейік.