Қоғам

“Әкімді сотқа беремін!” Алматылық белсенді неге ашулы?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қазақ тілінің мәртебесін өсіруге қарсы ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда “Тіл майданы” қозғалысының жетекшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруді талап етіп, қалада заңды митингке рұқсат ала-алмадық деген ол әкімдік бірнеше рет арызымызды негізсіз кері қайтарды деп отыр. Аталмыш ұйым осыған дейін де бірнеше қалада митинг өткізген. «Бір тіл - бір мемелекет» атты ұранмен бейбіт митинг ұйымдастырып жүрген ұйым өкілдері осыған дейін тіпті Нью-Йорк қаласында да шеру өткіздік деп отыр. Бұл туралы белсенді 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платфорамсы.

"Алматы қаласының әкімі Сағынтаев мырзаны сотқа берейін деп жатырмыз. Өйткені, ол не себепті рұқсат бермегенін бізге айтқан жоқ. Бұл дегеніміз – Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қазақ тіліне қарсы шыққаны", - деді "Тіл майданы" қозғалысының жетекшісі Қуат Ахметов.

Белсендінің әкімге өкпесі қара қазандай. Айтуынша, тиісті құжатта көрсетілгендей 12 тармақтан тұратын талапты толық орындаған. Тіпті Алматыда митинг өткіземіз дегенше Нью-Йорк мэрі белсенділерді қолдап, шет елдегі қандастарымызды ана тіліміздің мәртебесін көтеруге шақырып шеру өткізген.

Тіл тағдырын талқылау елордадағы еріктілерге де бұйырмапты. "Қазақ тіліне қиянат жасама" деп плакат алып шыққан Байтас ессімді азаматты да полиция алып кетіпті. 

Ана тілді ардақтау акциясы Павлодардағы Естай атындағы мәдениет сарайының алдында өтті. Павлодар әкімдігі рұқсат берген, жиыл жұрт ойын ашық айтып, талабын жеткізді. 

Сондай-ақ, "Тіл майданы" қозғалысы бейбіт митингке рұқсат берсе, мемлекеттік органдардағы ана тілдің қолданысы мен биліктің орыс тіліне басымдық беруін де баса айтқымыз келіп отыр дейді. Белсенділер республика бойынша барлық аймақта бас көтеруді көздеп отыр, сауатсыз аударылған жарнаманы да, мәні жоғалған мәтіндерді де арнайы комиссия қолға алуын талап етеді.