Қоғам
Ескерткіштің сырт келбетіне тұрғындардың көңілі толмады.
ОК Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш қойылды. Бірақ Алматыға не Нұр-Сұлтанға емес, ауылға. Ескерткішті орнатқан үкімет емес, қарапайым халық.
Бақанас ауылының тұрғындары Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші орнатылғанын айтып, елден сүйінші сұрады. Желі қолданушыларын ашылу салтанатына шаөырды. Алматы облысының әкімдігі ақпаратты растаған.
«15 қыркүйекте мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевқа ескерткіш қою турасындағы құжат қаралып, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі орталық комиссиямен мақұлданды.
Кейін тиісті құжаттар Нұр-Сұлтанға монументалды өнердің жаңа құрылымдарын құру жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының қарауына жіберілді.
Қазіргі уақытта Балқаш ауданы Бақанас ауылында алғашқы құрылыс жұмыстары басталды», - деді әкімдік баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясына.
Бұдан бөлек тұрғындар ескерткіштің сырт келбетіне мін тақты. Мұндай жауапкершілігі мол жұмысты кәсіби мамандарға тапсырылуы керек екенін ескертті.