Спорт
Чемпион балалар үйіне бас сұқты
Чемпион балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спортпен айналысып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. «Спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстаныңдар», – деді ол.
Сонымен қатар, Хабиб спортшыны жетімдер үйіне шақырған Александр Корогодовтың анасы жұмыс істейтін дүкенге барып, шоколад сатып алып қайтты. Александрдың айтуынша, Хабиб оған көп назар аударылғанын қалаған жоқ, сондықтан ешкімге айтпай келген екен.
«Мен отандық эстрада жұлдыздарына жиі хабарласып, әр мейрам сайын балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтауларын өтінемін. Қазақстандық әртістер барынша өтінішімді жерге қалдырмауға тырысады. Әке-шешесі жоқ, көңілі жарым балалардың қалай қуанғанын көрсеңіздер ғой…Осы арқылы балалардың көзінде от ойнап, ертеңге деген үміті оянып, жетістікке жетуге, жақсы адам болуға ұмтылатыны сөзсіз.», — дейді Александр.