Шымкент
Шымкент қаласының аудан аумақтарында қоғамдық орындарда карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасуда.
Еңбекші ауданы бойынша мобильдік топ аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарына кезекті бақылау іс-шарасын ұйымдастырды.
Нәтижесінде қоғамдық тамақтану орнында карантин талабын бұзу жағдайы, яғни отбасылық іс-шара өтіп жатқаны анықталды. Кәсіпкерлік нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ауданда жергілікті полиция қызметі, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі, аудан әкімдігінің мамандарынан құралған 4 мониторингтік топ жұмыс істейді.
Аудан әкімдігі қала тұрғындарына өзінің және өзгелердің денсаулығына немқұрайлы қарамауға, отбасылық іс-шараларды өткізбеуге және барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы