Hi-Tech

Game Boy туралы не білеміз?

Әлемге әйгілі ойын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Nintendo компаниясында жарыққа шыққан ең танымал портативтік ойын приставкасы-Game Boy. Ең бірінші Game Boy 1989 жылы әлемге әйгілі қалталы ойын" Nintendo Game and Watch" жалғасы ретінде шыққан. 

Бұл ойын шыққаннан кейін әлемде үлкен танымалдылыққа ие болды. Көптеген компаниялар осы танымалдылыққа жеткісі келді, бірақ қолдарынан келмеді. Белгілі бір себептермен Game Boy ойындарының сатылымы төмендеп кеткен жағдайда, Nintendo Game Boy ойынның жаңартылған түрлерін шығарып, сатылымды қайта көтеріп отырды. 

Сіздің барлық сүйікті кейіпкерлеріңіз Nintendo, сонымен қатар Mario, Yoshi, Pokémon, Donkey Kong, Samus Aran және басқалары 450-ден астам атаулары бар Nintendo ойындарының көптеген коллекцияларының арқасында сіздермен бірге барлық жерге саяxатқа шығады. Game Boy ойынның көптеген түрлерін, тіпті спорттық ойындарды да сіздерге ұсынады.
Game Boy ойын приставкасының жаңартылған түрі Game Boy Pocket 1996 жылының караша айында жарық көрді. Оның көлемі өзінің алдынғы моделінен 30%-ға кіші болғанымен, экранның үлкендігімен және мықты ААА батареяларымен өзгешелігі болған. Кейін түсті экранмен қамтамасыз етілген Game Boy Color шықты, одан кейін Game Boy Advance сатуға шыққан.