Экономика
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Азамат Әмрин ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Азамат Әмрин ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.
Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.
2008-2011 жж. - СҚО Шал ақын ауданының әкімі.
2011-2012 жж. - "Амрин К.К." шаруа қожалығының менеджері.
2013-2015 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.
2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.