COVID-19

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы төленбейді

Әлеуметтік төлемді беру 20 қазаннан бастап тоқтатылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Астана арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

 Яғни алдағы жұмаға дейін медицина қызметкерлерінен өтініштер қабылданып, зерделеуден кейін қаражаттары аударылады, деді.

 «Қазаннан кейін тек қана жұқтыру қаупі жоғары болғаны үшін ғана 3 деңгей бойынша қосымша қаражат төлейміз. Бұл жағдайлар басқа инфекциялар сияқты ауруханаішілік вирус ретінде тіркеледі. Жұмыс барысында ауырып қалған жағдайда, қолдау шаралары жергілікті атқарушы органдары есебінен көрсетіледі», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов.

Сонымен бірге, министрлік өкілдері қатаң карантин шаралары енгізілмеуі мүмкін дегенді айтты. Оның барлығы халықтың санитарлық талаптарды қаншалықты сақтауына байланысты болады деп отыр.