Шымкент
Бүгінде Шымкент қаласының Абай ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асуда.
Аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй орналасқан, 111 тозығы жеткен.
Оның ішінде 2019 жылға дейін апатты деп танылған 7 көпқабатты тұрғын үйде сейсмонығайту жұмыстары жүргізілген болатын. 2019-2020 жылы 4 көпқабатты тұрғын үйде сейсмонығайту жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылға 3 көпқабатты тұрғын үйдің жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданды.
Бүгінде жалпы аудан бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйдің 44-і жөндеуден өткен. 2020 жылы жоспарланған 19 үйдің 12-де құрылыс жұмыстары жүруде. 383 үйді жағдайына байланысты жөндеу жұмыстарын атқару бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы