Шымкент

Шымкент: жұмысшылар алдындағы 10 миллионнан астам жалақы қарыз қайтарылған

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы еңбек қатынастарының жағдайы бойынша өткен баспасөз брифингінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов баяндады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

– Қалада еңбек мәселесіне қатысты үш жақты комиссияның жұмысы әкімшілік-әлеуметтік әріптестер тарапынан үлкен белсенділікке ие болып, жаңа деңгейде жүргізілуде. 

Нақтырақ айтсақ, бұл – ұжымдық шарт, яғни, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім. Нормативтік-құқықтық құжат көмегімен жұмысшы да, жұмыс беруші де өз құқығын қорғай алады. Өкінішке қарай, біздегі жеке кәсіпорындардың ұжымдық шартты жұмысшылармен бекіту деңгейі өте төмен, – деді Берік Айдарбекұлы.

Кәсіподақ төрағасының айтуынша, осы жылы 8 кәсіпорын жалақыдан 74 жұмысшыға 14 млн 104 мың теңге қарыз болған. Бұл қарыз бойынша үш жақты комиссияның көмегімен 37 жұмысшының алдындағы 10 млн 764 мың теңге өндірілген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай