Экономика

Белсенді Тоқаевтан несие мәселесін шешуді өтінді

Қазақстанда несие мәселесі шешіле ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық кеңестің төртінші отырысында “Талбесік” көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахмет ҚР Президенті Тоқаевтан банктер мен микронесие ұйымдарының қызметін тексеруін өтінді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

“Жыры бітпейтін бір мәселе бар, ол – несие. 13 миллионға жуық азамат түрлі несие алып, төлей алмай жүргендері қаншама. Пандемия уақытында сот орындаушылары мен коллекторлар оларға қысым көрсетті. Алаяқтар көбейді. Кейбір отбасылардың шоттарын бұғаттап тастады. Әрине, төлеуге шамалары жетпесе де несие алатын азаматтардың кінәсі жоқ емес. Осыған байланысты несие бойынша мәселесі көп банктерді бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз”, - деді Қожахметова.

Оның айтуынша, Қазақстанда көп банк азаматтардың жұмыссыз екеніне, зейнетақы жарнасы болмағанына қарамастан үлкен пайыздармен несие бере береді.

“Мұндай банктер халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетеді. Мәселен, 1000 пайызға дейін онлайн несие беретін банктер бар. Мұндай несиелер әсіресе жұмыссыз жүрген азаматтарда көп”, - деді “Талбесік” көпбалалы аналар қоғамдастық бірлестігінің жетекшісі.