Кеттік, Bugin
Келер жылы Тәуелсіздікке 30 жыл толмақ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттың кеңестің төртінші отырысында Тәуелсіздік күнінен орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
“Жыл әлі аяқталған жоқ. Бірақ 2020 жылдың адамзат баласы үшін ерекше болғанына бәріміз куәміз. Әлем драмалық кезеңді бастан өткеруде. Коронавирустық пандемия халықаралық қатынастардың көптеген мәселелерін анықтады, қалыптасып қалған экономикалық қағидаттарды қайта қарауға әкеп соқтырды, жаңа әлеуметтік тенденцияларды қалыптастырды және технологиялық инновацияларды өзектендірді», - деген Тоқаев кризистік жағдайдың бүкіл әлемге тигізіп жатқан зардабын да сөз етті.
“Бүгінде мемлекеттік институттың өзі мықтылық пен тиімділік жағынан сыналып жатыр. Аймақтық жаһандық жобалардың болашағы тұманды көрінеді. Мұндайда халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етіп, тқрақтылықты сақтау маңызды”, - деді президент.
Әрі алдағы мерекелік шараларға қатысты пікірін білдірді.
“Келесі жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Ол экономикалық және саяси реформалар, цифровизациялар, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білімді дамыту белгісімен өтуі тиіс.
Қазір атаулы тарихи датаны тойлайтын уақыт емес. Уақытты созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек”, - деп сөзін қорытындылады президент.