Саясат
Сайлау процесі "Сайлау туралы" заңмен реттеледі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comДепутаттар сайлауы онлайн режимде өткізілмейтін болды. Бүл туралы Қазақстан Орталық сайлау комиссия төрағасы Берік Имашев айтты.
"Сайлау процесі "Сайлау туралы" заңмен реттеледі және осыған байланысты бізде онлайн-дауыс беруге қатысты сұрақ болған жоқ. Бұл сайлауды әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдермен өткізетін боламыз, яғни біздің сайлаушылар үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңалық болмайды", - деді Берік Имашев ОСК отырысында.