Қоғам

Президент адам саудасы туралы: Жағдай күрделі

Тоқаев жат елде нан тауып жүрген қазақстандықтардың жағдайына да алаңдайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам саудасы бойынша халықаралық рейтингтегі жағдайымыз мәз емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде осыған алаңдайтынын жеткізді. Қарамағындағыларға қара нарықтағы сауданы ауыздықтауды тапсырды. 

«Халықаралық зерттеулер қазақстандық балалардың кітап оқуға, қоршаған ортаны тануға деген құлшынысының жоқтығын анықтапты. Ал кітап оқуға деген талпыныс мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс. Ал кітапхана қызығушылық оятатын жер болуы керек», - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президентті тағы жат елге ақша табуға кеткен отандастарымыздың жай-күйі алаңдатады. Үлде мен бүлдеге оранамын деп өз елінен жыл сайын мыңнан аса адам шекара асатынын жеткізді. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың әл-ауқатының нашарлығынан деді Президент. Түйіткілдің түйінін тарқату үшін Үкіметке тиісті ұсыныстармен келуді тапсырды. Мемлекет басшысы ішкі мигранттардың да мәселесін қаузады. Ол оңтүстіктен солтүстікке қоныс тепкерге берілетін жәрдемақыны 2 есеге көбейтуге пәрмен берді. Адам саудасының да ел ішінде қызып тұрғанына алаңдайтынын жеткізді.    

«Бұл ретте шешілмей жатқан мәселе көп. Тіпті жағдай күрделі деп те айтуға болады. Адам саудасы туралы халықаралық рейтингтер мен баяндамаларда Қазақстанның жағдайы онша емес. Ендігі кезекте барлық уәкілетті органдардың батыл әрі үйлесімді әрекеті керек. Қазақстанның заңнамасын халықаралық стандарттарға сай бейімдеген абзал», - деді президент.