Саясат
Ол 2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы берген өтінішіне сәйкес ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын,
2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
Мамандығы – инженер-технолог. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.
1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген.
2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңесішісі болды.
2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды.