Қоғам

Жақып Асанов: Сот та заманға қарай өзгеру керек

Сот жүйесі жаңа кезеңге қадам басты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандағы дәстүрлі Судьялар съезінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов елдегі сот жүйесі туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезд жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатынын ҚазАқпарат тілшісі хабарлаған еді.

Онлайн режимде өтіп жатқан съезд жұмысына:

- Қазақстан Судьялар одағының делегаттары;

- халықаралық сарапшылар мен серіктес-ұйымдар;

- қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Процестеріміздің 95% қашықтықтан өтуде. Күніне 4,5 мыңға дейін онлайн-процесс өтіп жатыр. Соңғы кезде жүйемізде біраз өзгеріс болды. Олар Елбасының Ұлт жоспарынан, Мемлекет Басшысының Жолдауларынан туындайды. Соның арқасында сот жүйесі жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. "50 жылда ел жаңа" демекші, қоғам тез өзгеруде. Сот та заманға қарай өзгеру керек екенін түсінеміз, деп бастады Жақып Асанов.

Сот жүйесінің қалай жақсарғанына мысалдар келтірді:

Заңгерлер мен адвокаттардың сот процесіне гаджет алып өтуіне салынған тыйым жойылды. Соттардың ресми рейтингі жойылды. Судьяға баяғыдай енді ешкім сөйт-бүйт деп бұйырмайды. Сот шешімдеріне шағымдану 30%-ға қысқарды. "Еститін мемлекет" деген саясатқа сай, қоғаммен диалог құрылуда. "Баспасөз бен әлеуметтік желі не жазып жатыр" деп, тәулік бойы бақылау жүретін болды. Ақтап шығатын үкімдер көбейді. Бұрын жылына 15 адам ғана ақталып келсе, қазір шамамен 180 адам.