Спорт

Канадалық сарапшы: Садриддин Ахмедов болашақ әлем чемпионы сияқты

Шетелдік сарапшының таңданысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Канадалық сарапшы Филипп Сен-Мартен қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовке (7-0, 7 КО) таңданысын білдірді. 
 
20 жастағы Ахмедов Монреальдағы бокс кешінде жұдырықтасып, мексикалық Абрахам Хуаресті (13-2, 5 КО) жеңді. Жекпе-жек он раундқа есептелгенімен мексикалық екі рет нокдаунға құлағаннан кейін төртінші раундта тоқтатылды. 
Осылайша, Ахмедов алғашқы орта салмақта WBC ұйымының жастар чемпионы белбеуін жеңіп алды. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингте өткен жетінші жекпе-жегі, барлығын нокаутпен жеңген. 
"Жеке мен үшін Садриддин Ахмедов - мен көргендердің арасындағы ең мықты жас талант. Болашақ әлем чемпионы сияқты. Алдағы жылдары ол әлі де біраз шулатады. Бүгін кешке осы бағытта тағы бір қадам жасай ала ма, көрейік", - деп эжазған еді Сен-Мартен жекпе-жек алдында. 

Кездесу аяқталған соң сарапшы қысқа жауап қана жазды: "Бокс жанкүйерлері, назар салыңыздар! Әлі танымаған болсаңыздар, жақында Садриддин Ахмедовтың атын еститін боласыздар".

Дереккөз: vesti.kz