Шымкент
Шымкент қаласының Абай ауданында күзгі санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Әр апта сайын сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Ауданда 453 көпқабатты тұрғын үйдің 258 ауласын және 727 көшенің санитарлық және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазарту «Ақсемсер-Стройсервис» мекемесіне жүктелген.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасында 485 контейнер қойылған. 150 дана жаңа контейнер сатып алынып, орнату жұмыстары толығымен орындалды. Бүгінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і айналысуда.
Тұрғындарды тазалыққа шақыру мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына коммуналдық мекемелердің тізімі көрсетілген арнайы ақпараттық тақтайшалар ілінді.
Сонымен қатар, Ақжар тұрғын алабында 3, Алтынтөбе тұрғын алабында 7 жерге арнайы қоқыс алаңшасын орнату үшін жер телімі бөлінген. Бүгінде аталған орындарға 10 қоқыс алаңшасы мен 20 қоқыс контейнері орнатылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі